
Тауарлар — әлемнің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін шикізат: кесеңіздегі кофеден бастап әшекейіңіздегі алтынға дейін. Олармен сауда ғасырлар бойы, Жібек жолы заманынан бері жасалып келеді және бүгінде де жаһандық экономиканың маңызды бөлігі болып қала береді. Негізінде тауар бағасы бір қарапайым ережеге сүйенеді: ұсыныс пен сұраныс.
Сұраныс жоғары, ал ұсыныс төмен болғанда бағалар шарықтайды. Керісінше болса, бағалар төмендейді. Бәрі осылай қарапайым!
Тауарлардың екі түрі
| Қатты тауарлар | Жұмсақ тауарлар | ||
|---|---|---|---|
| Металдар | Энергия | Ауыл шаруашылығы | Мал және ет |
| Алтын | Шикі мұнай | Соя бұршағы | Тірі ірі қара мал |
| Күміс | Табиғи газ | Кофе | Майсыз шошқа |
| Мыс | Бензин | Дәнді дақылдар | Сүт |
| Платина | Мақта | ||
Тауарлардың екі негізгі түрі бар:
- Қатты тауарлар. Бұл — мұнай, алтын және металдар сияқты қазылатын немесе өндірілетін табиғи ресурстар.
- Жұмсақ тауарлар. Оларға бидай, кофе және қант сияқты ауыл шаруашылығы өнімдері жатады.
Сауда әлемінде ең танымал тауарлардың қатарына мұнай (әсіресе WTI және Brent маркалы шикі мұнай) және алтын кіреді. Экономика тұрақсыз болып көрінген сайын, трейдерлер алтынға жиі жүгінеді.
Тауар саудасында қалай шеберлікті арттыруға болады
Тауар саудасындағы дағдыларыңызды жетілдіргіңіз келе ме? Міне, бірнеше негізгі қадам:
- Бағаға не әсер ететінін түсініңіз
Экономикалық үрдістер, саяси оқиғалар және тіпті табиғи апаттар тауар бағасын айтарлықтай өзгертуі мүмкін. Мысалы, күшті дауыл мұнай өндірісін бұзып, бағаның шарықтауына әкелуі мүмкін. Әлемдік жаңалықтарды қадағалап отыру Сізге артықшылық береді.
- Нарық талдауын қолданыңыз
Трейдерлер талдаудың екі негізгі түрін пайдаланады:- Іргелі талдау (ұсынысты, сұранысты және экономикалық жағдайды зерттеу)
- Техникалық талдау (заңдылықтарды анықтау үшін бағаның тарихи деректерін пайдалану)
- Үрдістерді қадағалаңыз
Тауарлар бағасы үрдістермен қозғалады: жоғары (бұқа) немесе төмен (аю). Бұл үрдістерді ерте байқау Сізге уақтылы мәмілелер жасауға көмектеседі.
Deriv-те тауарлармен қалай сауда жасауға болады
Тауарлармен сауда жасау үшін бөшке-бөшке мұнайға немесе кесек-кесек алтынға ие болудың қажеті жоқ. Оның орнына Сіз Deriv-те CFD (Contracts for Difference) немесе опциондар арқылы сауда жасай аласыз. Мұның қалай жүзеге асатынын қарастырайық:
Deriv-те CFD саудасы
Deriv MT5, Deriv cTrader және Deriv X сияқты платформаларда CFD арқылы тауарлармен сауда жасаңыз. Бұл Сізге мына мүмкіндіктерді береді:
- Баға өседі деп ойласаңыз, лонг (сатып алу) позициясын ашыңыз.
- Баға төмендейді деп күтсеңіз, шорт (сату) позициясын ашыңыз.
Позицияңыз Сіз қалағанша ашық тұрады, бұл сауда стратегияңызды неғұрлым жақсы басқаруға мүмкіндік береді.
Deriv-те опциондар саудасы
Егер құрылымдалған тәуекелді қаласаңыз, Rise/Fall, Higher/Lower немесе Touch/No Touch келісімшарттарын қолданып, металдар бойынша цифрлық опциондарды қолданып көріңіз. Олар белгілі бір уақыт аралығындағы баға қозғалысын болжауға мүмкіндік береді.
- Rise/Fall. Баға Сіз кірген сәттегіден жоғары немесе төмен аяқталатынын болжаңыз.
- Higher/Lower. Мақсатты баға деңгейін (барьер) орнатып, нарық одан жоғары немесе төмен аяқталатынын болжаңыз.
- Touch/No Touch. Нарықтың белгілі бір баға деңгейіне жететін-жетпейтінін болжаңыз.
Опциондармен мәміле жасамас бұрын ықтимал пайда мен шығынды біле аласыз, бұл тәуекелді басқаруды жеңілдетеді.
Тауар саудасын бастауға дайынсыз ба?
Тауар саудасы қызықты, өйткені бағалар нақты өмірдегі оқиғаларға әсер етеді және бұл мүмкіндіктер мен тәуекелдерді қатар ұсынады. Табыстың кілті неде? Үнемі үйреніңіз, икемді болыңыз және сауданы саналы жүргізіңіз.
- Сенімділігіңізді арттыру үшін Deriv-тің демо шотында жаттығыңыз! Сізге нақты саудаға көшпес бұрын жаттығу үшін USD 10 000 көлемінде виртуалды қаражат беріледі.
- Бүгін тіркеліп, тауарлар нарығын зерттеуді бастаңыз!
Quiz
Қай тауар жиі «қара алтын» деп аталады?


