
Форекс алғашында сәл қорқынышты естілуі мүмкін, бірақ шын мәнінде ол сіз ойлағаннан әлдеқайда қолжетімді. Өзіңізді дәмдеуіштер мен кәдесыйлар емес, дүние жүзінің валюталары сатылатын гу-гу еткен халықаралық базарда елестетіңіз!
Форекс дегеніміз не?
Форекс, яғни «foreign exchange» («шетел валютасын айырбастау») сөз тіркесінің қысқартылған атауы, — бұл түрлі валюталарды сатып алу және сату процесі. Ол — әлемдегі ең ірі әрі ең белсенді қаржы нарығы, мұнда күн сайын триллиондаған доллар көлемінде сауда жасалады.
Форекс нарығы не үшін бар?
Өзіңізді қытайлық өндірушіден өнім сатып алғысы келетін американдық компания ретінде елестетіңіз. Оларға қытай юанімен төлеу керек, ал сізде тек АҚШ доллары бар. Міне, дәл осы жерде форекс нарығы көмекке келеді. Бұл — бір валютаны екіншісіне айналдыруға көмектесетін банктердің, брокерлердің және институттардың жаһандық желісі.
Бұл айырбас дүние жүзінде тоқтаусыз жүріп жатады және жаһандық сауда мен қаржы айналымының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Форекс саудасы қалай жұмыс істейді?
Заманауи технологиялардың арқасында қазір форекс саудасы Deriv сияқты онлайн-платформалар арқылы кез келген адамға қолжетімді. Негізгі идея мынадай:
- Валюталар жұп болып келеді: Сіз әрқашан бір валютаны екіншісіне қарсы саудалайсыз, мысалы, еуро мен АҚШ доллары (EUR/USD) немесе британ фунты мен жапон иенасы (GBP/JPY).
- Болжам жасайсыз: Бір валюта екіншісіне қарағанда нығая ма, әлде әлсірей ме?
- Сатып аласыз немесе сатасыз: Егер еуро доллардан гөрі қымбаттайды деп ойласаңыз, EUR/USD жұбын «сатып аласыз». Егер баға шынымен көтерілсе, оны жоғары бағамен сатып, пайда аласыз. Ал баға төмендесе, шығынға ұшырауыңыз мүмкін. Сондай-ақ керісінше де жасауға болады: алдымен сатып, кейін төмен бағамен қайта сатып аласыз.
Неге Форекс саудасын жасау керек?
Ендеше, форекс саудасын не танымал етеді? Міне, бірнеше себеп:
- 24/5 режимі: Форекс тәулігіне 24 сағат, аптасына бес күн ашық. Сіз өзіңізге ыңғайлы кез келген уақытта сауда жасай аласыз.
- Кіру де, шығу да оңай: Бұл — өте өтімді нарық, яғни мұнда сатып алушылар мен сатушылар әрқашан табылады. Бұл мәмілеге кіру мен одан шығуды жеңілдетеді.
- Әртараптандыру: Форекс акциялармен немесе басқа актив кластарымен қатар сіздің сауда портфеліңізді толықтыра алады.
Quiz
Forex саудасының негізгі ерекшелігі қандай?


