
Айырмашылық бойынша келісімшарттармен (CFD) сауда жасауды ойлап жүрсіз, бірақ қайдан бастарыңызды білмейсіз бе? CFD-лермен жылдам сауда жасауға арналған Deriv MT5 платформасы туралы айтып берейік. Бастаушы немесе тәжірибелі трейдер болсаңыз да, Deriv MT5-те саналы мәмілелер жасауға қажеттінің бәрі бар.
CFD саудасы дегеніміз не?
CFD-лер арқылы сіз алтын немесе акциялар сияқты активке иелік етпейсіз. Оның орнына бағаның өсетінін немесе түсетінін болжайсыз. Болжамыңыз дұрыс болса, пайда табасыз. Олай болмаса, шығынға ұшырауыңыз мүмкін. Қарапайым, солай емес пе? Deriv MT5 CFD саудасын жеңіл әрі ыңғайлы етеді.
Неліктен Deriv MT5 арқылы сауда жасау керек?
Deriv MT5 – жай ғана басқа сауда платформасы емес, ол сіздің жұмысыңызды жеңілдету үшін жасалған. Трейдерлердің оны ұнататын себептері мыналар:
- Қолдануға ыңғайлы: жаңадан бастасаңыз да, тәжірибелі болсаңыз да, барлығын табу және қолдану оңай.
- Нарық талдауы: графиктер мен құралдар үрдістерді қадағалауға және сауда мүмкіндіктерін байқауға көмектеседі.
- Кең таңдау: валюталармен, тауарлармен, акциялармен және Deriv-тің бірегей Дерайвд индекстерімен сауда жасаңыз.
- Қажетіңізге сай шоттар: шоттардың әртүрлі түрлері сауда стильдері мен тәжірибе деңгейлеріне сәйкес келеді.
Өзіңізге сай шотты табыңыз
Deriv MT5 сауданың әртүрлі қажеттіліктеріне сай бірнеше шот түрін ұсынады:
- Стандартты шот. Бәсекеге қабілетті спредтер мен своп комиссиялары бар әмбебап таңдау.
- Свопсыз шот. Түнгі комиссиялар жоқ, ұзақ мерзімді трейдерлерге тамаша.
- Нөлдік спред шоты. Спредтер жоқ, тек тұрақты комиссиялар, сондықтан шығындар нақты әрі болжамды.
- Қаржылық шот. Жиі мәміле жасайтындар үшін ең тар спредтер.
Deriv MT5-ті қайда қолданасыз: десктопта, веб-нұсқада немесе мобильді құрылғыда?
Қалай сауда жасағанды ұнатсаңыз да, сіздің стиліңізге сай Deriv MT5 нұсқасы бар:
Десктоп терминалы. Windows, macOS және Linux жүйелеріне арналған толық функционалды нұсқа.
- Бірнеше графикті бір уақытта бақылаңыз.
- Үрдістерді талдау үшін техникалық индикаторлар мен сызу құралдарын қолданыңыз.
- Market Watch арқылы актив бағаларын қадағалап отырыңыз.
- Expert Advisors арқылы мәмілелерді автоматтандырыңыз (EA).
Deriv MT5 web. Жүктеп алудың қажеті жоқ, браузеріңізден лезде қол жеткізіңіз.
- Кез келген жерден, кез келген уақытта сауда жасаңыз.
- Қарапайым әрі түсінікті интерфейс.
- Ең соңғы функциялармен әрдайым жаңартылып отырады.
Deriv MT5 mobile. Жолда жүріп те сеніммен сауда жасаңыз.
- Нарықтың нақты уақыттағы жаңалықтарын алыңыз.
- Мәмілелерді құрылғыңыздан лезде басқарыңыз.
- Қайда жүрсеңіз де, байланыста болыңыз.
Сауданы бастауға дайынсыз ба?
Deriv MT5-пен жұмысты бастау өте оңай. Deriv веб-сайтына кіріп, өзіңізге ыңғайлы нұсқаны жүктеп алыңыз немесе оңай бастау үшін веб-нұсқаны қолданып көріңіз. Егер жаңадан бастасаңыз, нақты ақшамен сауда жасамас бұрын демо-шотта жаттығыңыз.
Көбірек білгіңіз келе ме? Сенімділігіңізді арттыру үшін Deriv MT5 тегін курстарымен танысыңыз.
Quiz
Егер ең озық функцияларды қаласаңыз, қай нұсқаны таңдауыңыз керек?


