Негізгі мазмұнға өту

Форекс нарығына қандай экономикалық факторлар әсер етеді?

5
мин оқу
Айналасында график, еуро таңбасы, портфель және пайыз белгісі бейнеленген белгішелер айналып тұрған жарқыраған глобус — Форекс саудасындағы экономикалық факторларды білдіреді.

Экономикалық деректер неге маңызды

Егер Форекс саудасында жаңадан болсаңыз, тәжірибелі трейдерлердің экономикалық күнтізбелер мен жаңалықтар жарияланымдарын неге мұқият қадағалайтынын сұрауыңыз мүмкін. Себебі қарапайым: валюталар экономикаларды білдіреді, ал экономикалық деректер сол экономикалардың қалай жұмыс істеп жатқанын көрсетеді. Экономикалық индикаторларды экономиканың беріктігін өлшейтін диагностикалық құралдар ретінде қарастырыңыз. Олар трейдерлерге қандай валюталардың нығаюы немесе әлсіреуі мүмкін екенін болжауға көмектеседі.

‍

Форекс нарығына әсер ететін негізгі экономикалық индикаторлар

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)

ЖІӨ елде өндірілетін барлық нәрсені, тауарлардан бастап қызметтерге дейін өлшейді. ЖІӨ-нің өсуі әдетте валютаны нығайтады, ал оның төмендеуі валютаны әлсіретуі мүмкін. Мысалы, Ұлыбритания ЖІӨ-сі күтілгеннен асып түссе, британ фунты басқа валюталарға қатысты өсуі мүмкін.


Еңбек нарығының деректері

Жұмыспен қамту деректері валюта құнына жиі айтарлықтай әсер етеді. АҚШ-та негізгі еңбек индикаторларына мыналар жатады:

  • Жұмыссыздық деңгейі. Жұмыс күші құрамындағы жұмыссыз адамдардың пайызы.
    ‍
  • Орташа сағаттық табыс. Тұтынушылардың шығынына әсер ететін жалақы өсімінің көрсеткіші.
    ‍
  • Ауыл шаруашылығынан тыс жұмыс орындары (NFP). Ауыл шаруашылығы лауазымдарын қоспағанда, қосылған жаңа жұмыс орындарының саны.

Жұмыспен қамту туралы есептер күтілгеннен жақсы болса, валюта құны әдетте өседі, ал әлсіз көрсеткіштер құнның төмендеуіне әкелуі мүмкін.


Пайыздық мөлшерлемелер және Орталық банк шешімдері

Federal Reserve, Еуропалық орталық банк немесе Англия банкі сияқты орталық банктер валюта құнына әсер ететін пайыздық мөлшерлемелерді белгілейді. Жоғары мөлшерлемелер көбіне шетелдік капиталды тартып, валютаны нығайтады.

‍‍

Назар аудару керек негізгі нәрселер:

  • Нақты мөлшерлеме шешімі мен нарық күтулерінің арақатынасы.
    ‍
  • Forward guidance (болашақта мөлшерлеменің өзгеруі туралы меңзеу).
    ‍
  • Ілеспе мәлімдемелердің реңкі (hawkish — мөлшерлемені көтеру ықтималдығы жоғары, dovish — мөлшерлемені төмендету ықтималдығы жоғары).


Инфляция көрсеткіштері

Инфляция пайыздық мөлшерлеме шешімдерінде шешуші рөл атқарады. Тұтынушылық бағалар индексі (CPI) бағалардың уақыт бойынша өзгерісін бақылайды. Орталық банктер әдетте инфляцияны шамамен 2% деңгейінде ұстауды мақсат етеді. Жоғары инфляция пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне әкеліп, валютаны нығайтуы мүмкін, ал төмен инфляция мөлшерлемелердің төмендетілуіне себеп болуы ықтимал.


Сауда балансы

Бұл көрсеткіш елдің экспорты мен импортын салыстырады:

  • Сауда профициті (экспорт импорттан көп) → валютаны нығайтады.
  • Сауда тапшылығы (импорт экспорттан көп) → валютаны әлсіретеді.

    ‍

Жаңалықтар нарық қозғалысына қалай әсер етеді

Орталық банк мәлімдемелері

Бұл нарықты ең көп қозғалтатын факторлардың бірі. Нарық мыналарға әсерленеді:

  • Мөлшерлемелердің өзгеруі.
    ‍
  • Облигация сатып алу бағдарламаларының жаңартылуы.
    ‍
  • Экономикалық болжамдардың өзгеруі.
    ‍
  • Саясат туралы мәлімдемелер.

Тіпті тілдегі шағын өзгерістердің өзі валюта бағамының айтарлықтай қозғалысын тудыруы мүмкін.


Экономикалық деректердің жарияланымдары

  • Күтілгеннен жақсы деректер → әдетте валютаны нығайтады.
    ‍
  • Күтілгеннен әлсіз деректер → әдетте валютаны әлсіретеді.
    ‍
  • Тосын жаңалық неғұрлым үлкен болса, нарық қозғалысы да соғұрлым күшті болады.

    ‍

‍Саяси және геосаяси оқиғалар

Ірі саяси оқиғалардың валюта нарықтарына ұзақ мерзімді әсері болуы мүмкін:

  • Сайлау
    ‍
  • Brexit үлгісіндегі референдумдар
    ‍
  • Сауда келісімдері/дауларды
    ‍
  • Халықаралық қақтығыстар


Экономикалық жарияланымдар кезінде тәуекелді басқару

Экономикалық күнтізбені пайдалану

  • Күнтізбені күнделікті қарап шығып, әр оқиғаның әсер рейтингін (жоғары, орташа немесе төмен) белгілеп отырыңыз.


Жаңалықтар кезінде тәуекелді басқару

Ірі жаңалықтар кезінде нарықтағы құбылмалылық артады. Спредтер жиі кеңейеді, ал баға ауытқуларын болжау қиын болуы мүмкін. Мына стратегияларды қарастырыңыз:

  • Стратегияңыз күрт құбылмалылықты ескермесе, жоғары әсерлі жаңалықтар кезінде сауда жасаудан аулақ болыңыз.
    ‍
  • Stop Out-қа тым ерте ілікпеу үшін Stop Loss деңгейін кеңейтіңіз.
    ‍
  • Тәуекелді басқару үшін позиция көлемін азайтыңыз.


Жаңалықтарға негізделген сауданың кең таралған стратегиялары

Стратегия Тәсіл
Күту және бақылау Мәміleге кірер алдында құбылмалылықтың басылуын күтіңіз.
Жоспарлы сауда Белгілі экономикалық жарияланымдарға сәйкес мәмілелерді жоспарлап, кіру және шығу нүктелерін пайдаланыңыз.
Breakout саудасы Жаңалық жарияланғаннан кейін баға негізгі деңгейлерді бұзып өткенде кіріңіз.

‍

Форекс саудасындағы маңызды ескертулер

  • Әртүрлі экономикалық индикаторлардың валюталарға әсері әртүрлі болады.
    ‍
  • Нарықтың реакциясы экономикалық жағдайға қарай өзгереді.
    ‍
  • Бірнеше деректердің бір мезгілде жариялануы қарама-қайшы сигналдар тудыруы мүмкін.
    ‍
  • Нарықтың реакциясы әрдайым логикалық немесе болжамды бола бермейді.
    ‍
  • Өткендегі реакциялар болашақта ұқсас қозғалыстардың болатынына кепілдік бермейді.


Форекстегі экономикалық индикаторлармен жұмысты бастау

  • ЖІӨ, пайыздық мөлшерлемелер және жұмыспен қамту туралы есептер сияқты негізгі индикаторларды қадағалаңыз.
    ‍
  • Таңдаған валюта жұптарыңыздың жаңалықтарға қалай әсерленетінін бақылаңыз.
    ‍
  • Нарықтың негізгі экономикалық деректерге қалай жауап беретінін жазып отыратын сауда күнделігін жүргізіңіз.
    ‍
  • Стратегияларды нақты мәмілелерде қолданар алдында демо саудадан бастаңыз.

Экономикалық индикаторлар нарық қозғалысын түсіну үшін өте маңызды, бірақ олар — тек жұмбақтың бір бөлігі. Табысты трейдерлер экономикалық деректерді техникалық талдаумен және дұрыс тәуекел басқарумен ұштастырады.

Deriv Academy курстарындағы тегін курстар арқылы Форекс туралы білімініңізді кеңейтіңіз. Біліміңізді нақты нарықтарда қолданар алдында тегін демо сауда шотында жаттығыңыз.

Бастау үшін Deriv аккаунтыңыздың электрондық поштасы мен құпиясөзін пайдаланып, Deriv Academy-ге кіріңіз.

‍

Жиі қойылатын сұрақтар

Analyse markets with AI-powered insights

Explore TradersView
WhatsApp