
Ескерту: 2025 жылғы тамыздан бастап біз Deriv X платформасын ұсынбаймыз.
CFD саудасын жаңадан бастап жатырсыз ба? Таңдаған платформаңыз сауда тәжірибеңізге айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Deriv-те біз үш қуатты платформа ұсынамыз: MetaTrader 5 (MT5), cTrader және Deriv X. Әрқайсысының өз артықшылықтары бар, сондықтан сауда стиліңізге ең қолайлысын табуыңызға көмектесу үшін әрқайсысын жеке қарастырайық.
Deriv MetaTrader 5 (MT5): барлық мүмкіндік бір платформада
MetaTrader 5 — әлемдегі ең танымал әрі мүмкіндігі мол сауда платформаларының бірі. Жаңадан бастаушы немесе тәжірибелі трейдер болуыңызға қарамастан, MT5 техникалық талдау, сауданы автоматтандыру және нарықты бақылау үшін қуатты құралдарды ұсынады. Оны компьютерде, веб-нұсқада және мобильді құрылғыда пайдалана аласыз.
MT5 шот түрлері
MT5 сауда қажеттіліктеріңізге сай әртүрлі шот түрлерін ұсынады:
- Standard шот. Форекс, тауарлар, сондай-ақ Deriv-тің Tactical және Derived индекстерін қоса, кең ауқымды активтерге қолжетімділік береді.
- Financial шот. Қаржылық активтер бойынша спредтері тарлау болғанын қалайтын трейдерлерге арналған.
- Swap-free шот. Түнгі ақыларды болдырмайды, сондықтан белгілі бір қаржылық қағидаттарды ұстанатын трейдерлерге өте қолайлы.
- Zero spread шот. Спредтер жоқ, бірақ шығындарды дәл бақылау үшін әр мәміле бойынша комиссия алынады.
Кеңейтілген графиктер мен талдау
MT5-те трейдерлерге нарықтық стратегияларын жетілдіруге көмектесетін графиктердің әртүрлі түрлері, техникалық индикаторлар және сызу құралдары бар. Платформа толықтай бейімделеді, сондықтан өзіңіз қалаған тәсілге сай келетін графиктер мен орналасуларды реттей аласыз.

Deriv cTrader: ыңғайлы және әлеуметтік сауда
cTrader — таза әрі пайдалануға ыңғайлы интерфейске басымдық беретін интуитивті CFD сауда платформасы. Ол компьютерде, веб-нұсқада және мобильді құрылғыда қолжетімді және тәжірибе деңгейіңізге қарамастан қолдануға жеңіл етіп жасалған. Бірақ оны ерекшелейтін не? Copy trading.
CFD copy trading
Тәжірибелі трейдерлердің ізімен жүргіңіз келе ме? cTrader-дің copy trading функциясы кәсіби трейдерлердің стратегияларын автоматты түрде қайталауға мүмкіндік береді. Бұл жаңадан бастаушылар үшін үлкен жаңалық болуы мүмкін, себебі ол мынадай артықшылықтар ұсынады:
- Сарамандардан практикалық тәжірибе арқылы үйрену мүмкіндігі.
- Бірнеше стратегияны ұстану арқылы әртараптандыру.
- Экран алдында аз уақыт өткізу. Басқалар ауыр жұмысты атқарады, ал сіз нәтижелерді бақылайсыз.

Deriv X: TradingView арқылы толық бейімделетін платформа
Бейімдеуді ұнататын трейдерлерге арналған Deriv X — TradingView графиктерінің қуатын біріктіретін икемді платформа. Ол веб-нұсқада және мобильді құрылғыда қолжетімді және жеке тәсілді бағалайтын трейдерлерге өзіне лайықталған тәжірибе ұсынады.
Deriv X-ті не ерекшелейді?
- Жоғары деңгейде бейімделеді: өз стиліңізге сай келетін орналасу жасау үшін сауда тақтаңызды виджеттермен реттеңіз.
- TradingView интеграциясы: TradingView-дің жоғары деңгейде бейімделетін графиктерінің, индикаторларының және сызу құралдарының артықшылығын пайдаланыңыз.
- Көп активті мониторинг: әртүрлі нарықтар мен уақыт аралықтарын тиімді бақылау үшін бірнеше графикті бір мезгілде қараңыз.

Қай CFD платформасы өзіңізге ең қолайлы екеніне сенімді емессіз бе?
Ең жақсы платформа сіздің қажеттіліктеріңізге байланысты:
- MT5: кеңейтілген техникалық талдауды және шоттың түрлі опцияларын қалайтын трейдерлерге өте қолайлы.
- cTrader: copy trading функциясы бар, жаңадан бастаушыларға ыңғайлы платформаны қаласаңыз, тамаша таңдау.
- Deriv X: бейімдеуді және сенімді графиктік құралдарды ұнататын трейдерлерге таптырмас таңдау.
Сенімді болғыңыз келе ме? Алдымен барлығын демо шотта сынап көріңіз.
Әр платформада тегін демо шот ашып, қайсысы өзіңізге ұнайтынын көріңіз. Таңдаудың ең жақсы жолы — олармен өз тәжірибеңізде танысу.
Саудаға дайынсыз ба? Бүгін демо шот ашып, өзіңізге ең сәйкес сауда платформасын табыңыз!
Quiz
Copy Trading үшін қай платформа ең жақсы?


