
Volatility Indices бойынша сауда жасау тау аттракционына (roller coaster) мінгендей сезімге әкелуі мүмкін: толқу да, болжап болмайтын жағдайлар да, кейде жүйкені тоздыратын сәттер де болады. Сондықтан сауда стратегиялары бойынша сенімді жоспардың болуы өте маңызды. Stop Loss (SL) және Take Profit (TP) ордерлері нарық сіздің пайдаңызға қарай қозғалса да, қозғалмаса да, сауда мәмілелеріңізге нақты шығу нүктелерін белгілеп, жағдайды бақылауда ұстауға көмектеседі.
Stop Loss және Take Profit ордерлері дегеніміз не?
Volatility Index бойынша сауда жасап жатқаныңызды елестетіңіз. Бағаның әрбір қозғалысын бақылап, жақсы нәтижеге үміттенумен отыруыңызға болады, бірақ бұл сауда жасаудың күйзеліске толы (әрі тәуекелі жоғары) жолы. Оның орнына SL және TP ордерлері пайданы автоматты түрде бекітіп, шығынды шектеу арқылы ауыр жұмысты сіздің орныңызға атқарады:
- Take Profit (TP): Бұл — сіздің пайда мақсатыңыз. Қолыңызға пайда алуға дайын болатын бағаны таңдайсыз, нарық сол деңгейге жеткенде мәміле жабылып, пайдаңыз бекітіледі.
- Stop Loss (SL): Бұл — сіздің қауіпсіздік жастығыңыз. Нарық сізге қарсы бағытта қозғалған жағдайда, мәміле шығынды бақылауда ұстау үшін автоматты түрде жабылатын бағаны белгілейсіз.
Мұны мысалмен талдап көрейік. Volatility 50 индексін USD 271 бағамен сатып алып, TP-ны USD 280 деңгейіне қойдыңыз делік. Нарық USD 280 деңгейіне жеткенде мәміле жабылып, USD 9 пайда бекітіледі. Сонымен қатар SL-ді USD 266 деңгейіне қойсаңыз, мәміле сол жерде жабылып, шығыныңыз небәрі USD 5 болады.

Дұрыс тепе-теңдікті табу: тәуекел мен пайда арақатынасы
SL және TP деңгейлерін дұрыс орналастыру үшін трейдерлер тәуекел мен пайда арақатынасын қолданады. Бұл — қарапайым, бірақ тиімді формула:
Тәуекел мен пайда арақатынасы = Ықтимал пайда / Ықтимал шығын
Біздің мысалда:
- Ықтимал пайда = USD 9
- Ықтимал шығын = USD 5
- Тәуекел мен пайда арақатынасы = 1,8 (тәуекелге барған әрбір USD 1 үшін USD 1,80 пайда таба аласыз)
Тәуекел мен пайда арақатынасының жоғары болуы ықтимал пайданың көбірек болуын білдіруі мүмкін, бірақ басты мәселе — нарық жағдайы мен тәуекелге дайындығыңызға сай дұрыс тепе-теңдікті табу.
SL және TP ордерлері не үшін маңызды
SL және TP ордерлерінің екеуін де қолдану мәмілелерді жорамалмен жасау дегенді білдірмейді. Бұл — ақшаңызды қорғап, пайдаңызды барынша арттыру үшін ақылды әрі стратегиялық шешімдер қабылдау.
Стратегияңызды сынап көруге дайынсыз ба? Демо шотта тәуекелсіз жаттығып, нарықтағы ауытқулармен қаншалықты жақсы жұмыс істей алатыныңызды көріңіз.
Quiz
Stop Loss ордері іске қосылғанда не болады?


