Сауда түрлері мен платформаларына шолу
Deriv-те Volatility Indices саудалау Volatility Indices базалық активтерге иелік етпей-ақ баға қозғалысына болжам жасаудың бірегей мүмкіндіктерін береді. Сенімді сауда стратегиясының бір бөлігі ретінде қолжетімді сауда тетіктері мен платформаларының әртүрлі түрлерін түсіну өте маңызды. Бұл сабақ Сізді негізгі сауда нұсқаларымен, яғни Айырмашылыққа арналған келісімшарттармен (CFD-лер) және Опциондармен, сондай-ақ сауда жолыңызды жақсартуға арналған платформалармен таныстырады.
Сауда түрлерін түсіну: CFD-лер және Опциондар
Volatility Indices саудалау кезінде Сізде әдетте екі негізгі сауда нұсқасы бар: Айырмашылыққа арналған келісімшарттар (CFD-лер) және Опциондар. CFD-лер трейдерлерге нақты активтерге иелік етпей баға өзгерістеріне болжам жасауға мүмкіндік береді. CFD-лер кезінде Сіздің пайдаңыз немесе шығыныңыз саудаңыздың кіру және шығу нүктелеріндегі баға айырмасымен анықталады. Левередж пайдалану ықтимал табысыңызды арттыра алады, бірақ сонымен бірге тәуекелдерді де күшейтеді, сондықтан тәуекелді тиімді басқару үшін Stop Loss ордерлері өте қажет. Ал Опциондар трейдерлерге тәуекелді бастапқы сомамен шектей отырып, баға қозғалысына болжам жасауға мүмкіндік береді. Опциондарда тәуекел мен табыстың әртүрлі арақатынасын қамтамасыз ететін сауда түрлері бар, сондықтан олар әртүрлі сауда стратегиялары үшін икемді таңдау болып табылады.
CFD-лер мен Опциондар арасындағы таңдау бірнеше факторларға, соның ішінде Сіздің тәуекелге төзімділігіңізге және сауда нәтижесінен күтетініңізге байланысты. CFD-лер мерзімі шектелмеген сызықтық төлемдерді ұсынады, яғни қажетті маржаны ұстап тұрғанша, позицияларды қалағаныңызша ұстай аласыз. Ал Опциондар алдын ала белгіленген тәуекел мен табыс құрылымын және нақты уақыт аралығын ұсынады, сондай-ақ маржа емес, алдын ала сауда сомасын талап етеді. Осы айырмашылықтарды түсіну Сіздің сауда стиліңізге сәйкес келетін тәсілді таңдаудың кілті болып табылады.
Volatility Indices саудалауға арналған платформалар
Deriv әртүрлі трейдерлердің қалауы мен тәжірибе деңгейін ескере отырып, Volatility Indices саудалауға арнайы жасалған бірқатар платформаларды ұсынады. CFD-лермен сауда жасағысы келетіндер үшін Deriv MT5, Deriv cTrader және Deriv X сияқты платформалардың әрқайсысы әртүрлі сауда стратегияларына сай бірегей функцияларды ұсынады. Deriv MT5 тәжірибелі трейдерлерге өте қолайлы: онда кеңейтілген құралдар бар және автоматтандырылған сауда стратегияларын жасауға болады. Ал Deriv cTrader пайдалануға ыңғайлы, сондықтан жаңадан бастаушыларға және Copy Trading функциясы арқылы әлеуметтік саудаға қызығатындарға өте жарасады. Deriv X баптау мүмкіндіктерімен және нарықты талдаудың кеңейтілген функцияларымен ерекшеленеді.
Опциондармен сауда жасау үшін Deriv Deriv Trader, SmartTrader, Deriv Bot және Deriv GO сияқты арнайы платформаларды ұсынады. Бұл платформалардың әрқайсысы сауда тәжірибесін өз жолымен жақсартады. Deriv Trader пайдалануға жеңіл етіп жасалған, ал SmartTrader жаңадан бастаушыларға бағыттаушы тәсілді ұсынады. Deriv Bot сауда стратегияларын автоматтандырып, Сізді үнемі бақылаудан босатады, ал Deriv GO мобильді қолжетімділік арқылы жолда жүріп сауда жасауға мүмкіндік береді.
Қорытынды
Қорытындылай келе, Сіздің Deriv-те Volatility Indices саудалау тәжірибеңіз сауда түрлерін түсіну және қажеттіліктеріңізге сәйкес платформаны таңдау арқылы айтарлықтай байи алады. CFD-лер мен Опциондарды зерттеу арқылы Сіз сауда стратегияларыңызды қалыптастыра алатын тәуекелді басқару мен ықтимал пайда туралы түсінік аласыз. Сонымен қатар қолжетімді әртүрлі платформаларды пайдалану сауда мәмілелеріне табысқа қажетті сенімділікпен және құралдармен қарауға мүмкіндік береді. Сауда стиліңізге ең қолайлы платформаны табу және сауда жолыңызды жақсарту үшін осы платформаларда ұсынылатын демо шоттарды пайдалануды ұсынамыз.
Quiz
CFD саудасының басты ерекшелігі қандай?
Қай сауда опциясы шығындарыңызды бастапқы сомамен шектейді?
Deriv cTrader-дің бірегей ерекшелігі қандай?


