Deriv MT5-пен сауданы бастаңыз: Құралдар тақтасы, 1-бөлім
Deriv MT5 курсына қайта қош келдіңіз! Бұл сабақта біз Deriv MT5 құралдар тақтасын қарастырамыз. Бұл сауда әрекеттеріңізді тиімді басқаруға, бақылауға және талдауға арналған қуатты мүмкіндік. Қолжетімді құралдарды түсіну сауда тәжірибеңізді жақсартып, шешім қабылдауыңызға көмектеседі.
Құралдар тақтасына шолу
Deriv MT5-тегі құралдар тақтасы Deriv MT5 платформасын пайдаланатын трейдерлер үшін маңызды. Ол негізделген сауда шешімдерін қабылдауға көмектесетін түрлі құралдар мен ақпаратты ұсынады. Құралдар тақтасындағы әр қойынды өз міндетін атқарады және ерекше функцияларды қамтамасыз етеді.
Trade қойындысы
Trade қойындысынан бастайық. Бұл маңызды бөлім сауда позицияларыңыз туралы, соның ішінде ашық мәмілелер, күтілетін ордерлер және мынадай шот деректері туралы маңызды ақпаратты көрсетеді:
- Символ: ашық мәмілеңіздің немесе күтілетін ордеріңіздің сауда құралын көрсетеді.
- Тикет: әр ордердің немесе позицияның бірегей идентификаторы.
- Уақыт: позицияның ашылған немесе күтілетін ордердің берілген уақытын көрсетеді.
- Түрі: ордердің Buy, Sell, Buy Stop, Sell Stop және басқа түрлерінің қайсысы екенін көрсетеді.
- Көлем: лот немесе бірлікпен көрсетілген мәміле өлшемін білдіреді.
- Баға: мәміleңіз ашылған ағымдағы бағаны немесе күтілетін ордерлердің мақсатты бағасын көрсетеді.
- Stop Loss (S/L): белгіленген болса, Stop Loss деңгейіңізді көрсетеді; белгіленбесе, бос қалады.
- Take Profit (T/P): белгіленген болса, Take Profit деңгейін көрсетеді; әйтпесе бұл өріс те бос қалады.
- Ағымдағы баға: құралыңыздың нарықтағы қазіргі бағасын көрсетеді.
- Мәні: ағымдағы баға мен келісімшарт өлшемі негізінде есептелген позицияңыздың нарықтық құнын білдіреді.
- Своп: позицияны түнде ұстағаны үшін алынуы мүмкін қаржыландыру төлемін көрсетеді.
- Пайда: ашық позицияңыздың өзгермелі пайдасын немесе шығынын көрсетеді.
- Өзгеріс: позиция ашылғаннан бергі актив құнының пайыздық өзгерісін көрсетеді.
- Пікір: ордеріңізге қосуға болатын, 31 таңбамен шектелген міндетті емес ескертпе.
Позицияларды өзгерту және шотты толтыру
Trade қойындысында позицияларды немесе күтілетін ордерлерді тікелей өзгертуге не жабуға болады: ордерді тінтуірдің оң жақ батырмасымен басып, «Өзгерту немесе жою» опциясын таңдаңыз. Сонымен қатар, ордерді екі рет басқанда түзетулер енгізуге арналған ордер мәліметтері терезесі ашылады. Позицияны бір рет басып жабу үшін ордер жолының ең оң жағындағы «X» батырмасын басыңыз.
Сонымен қатар, Deriv MT5 сауда шотыңызды Trade қойындысынан тікелей толтыруға болады. Deriv Cashier ашу үшін шот ақпараты жолының ең оң жағындағы «+» батырмасын басыңыз. Онда өзіңізге ыңғайлы төлем әдісімен қаражатты қауіпсіз салуға болады.
Trade қойындысында көрсетілетін ақпаратты реттеп, сауда тәжірибеңізді оңтайландыра аласыз. Кез келген баған тақырыбын тінтуірдің оң жақ батырмасымен басқанда «Бағандар» мәзіріне өтуге болады. Онда сауда стратегияңызға қажетті ақпаратқа байланысты бағандарды қосуға немесе алып тастауға болады.
Қорытынды
Deriv MT5 құралдар тақтасы туралы сабақтың осы бірінші бөлімінде біз Trade қойындысын және оның сауда әрекеттеріңізді басқаруға көмектесетін түрлі мүмкіндіктерін қарастырдық. Бұл құралды түсіну тиімді сауда жасау және нарықта жетістікке жету үшін маңызды.
Келесі сабақты күтіңіз, онда Deriv MT5 құралдар тақтасының басқа функцияларын тереңірек қарастырамыз! Сәтті сауда!
Quiz
Trade Tab қандай ақпаратты көрсетеді?
Trade Tab-та ашық позицияны қалай өзгертуге немесе жабуға болады?
«Сауда» қойындысындағы «+» түймесі не үшін қажет?


