Негізгі мазмұнға өту
Сабақ
3
Туынды құралдар | Жаңадан бастаушы

Deriv-тің сауда түрлері

Ұзақтығы
6
минут


Бұл сабақта біз Deriv-те туынды құралдармен сауда жасауға арналған опциондардың түрлі сауда түрлерін қарастырамыз. Осы опциондардың әрқайсысының ерекшеліктерін түсіну сауда стратегияларыңызға сай келетін қолайлы құралдарды таңдауға көмектеседі. Бастайық!
‍

Deriv ұсынатын опциондардың сауда түрлері

Deriv әртүрлі сауда тәсілдері мен қалауларына сай жасалған, әдетте опциондар деп аталатын туынды құралдардың бірнеше сауда түрін ұсынады:
‍

1. Accumulators

Accumulators — базалық индекс белгілі бір диапазонда қалған кезде табысыңыздың күрделі пайыз ретінде өсуіне мүмкіндік беретін опциондар. Яғни пайда жай қосылмайды, алдыңғы пайдаға қосылып өсе түседі де, жалпы табыстың көбеюіне жол ашады. Accumulators нарықтың тұрақты қозғалысын күтетін және осы үрдістерден уақыт өте келе пайда көргісі келетін трейдерлерге әсіресе тиімді.
‍

2. Vanillas

Vanilla опциондары — екі түрі бар қарапайым келісімшарттар: call және put опциондары. Табысыңыз индекс мәнінің кіру нүктеңізден жоғары немесе төмен қаншалықты ауытқығанына байланысты болады. Бұл опциондар төлем құрылымының айқындығы мен қарапайымдылығын ұсынатындықтан, саудаға тікелей тәсілді қалайтын трейдерлер үшін классикалық таңдау болып саналады.
‍

3. Turbos

Turbos vanilla опциондарына ұқсас жұмыс істейді, бірақ сауданы күрделендіретін ерекше «нокаут» функциясы бар. Индекс алдын ала белгіленген деңгейге жетсе, келісімшарттың мерзімі аяқталады, бұл тәуекел мен табыстың қосымша қабатын енгізеді. Бұл функция трейдерлерге тәуекелге ұшырау деңгейін басқара отырып, нарықтың күрт қозғалыстарынан пайда табуға мүмкіндік береді.
‍

4. Multipliers

Multipliers опциондары левереджтің артықшылықтарын шектеулі тәуекелмен біріктіреді. Нарық сізге қолайлы бағытта қозғалғанда, пайдаңыз еселенеді де, айтарлықтай табыс табуға мүмкіндік пайда болады. Алайда нарық қарсы бағытта жүрсе, шығыныңыз бастапқы сауда сомасымен шектеледі, яғни келісімшартқа кіру үшін төлеген сомаңызды ғана тәуекелге тігесіз. Осы ерекшелігіне байланысты multipliers тәуекелді ескеретін және жоғары табыс алғысы келетін трейдерлер үшін тартымды таңдау болып табылады.
‍

5. Digital Options

Digital options екі ықтимал нәтиженің негізінде болжам жасауға мүмкіндік береді. Болжамыңыз дұрыс болса, тіркелген төлем аласыз. Дұрыс болмаса, шығыныңыз бастапқы сауда сомасымен шектеледі. Бұл анық шекаралары бар және жасырын тосын жайттары жоқ қарапайым тәуекел профилін береді.
‍

Опциондар мен CFD-лерді салыстыру

Енді опциондарды Deriv-те қолжетімді Contracts for Difference (CFDs) құралдарымен салыстырайық:

  • Левередж: Опциондар да, CFD-лер де левереджді қамтып, ықтимал табысты арттырады. Алайда CFD-лерде шығынды шектеу үшін Stop Loss қажет, ал опциондарда ең жоғары шығын бастапқы сауда сомасымен автоматты түрде шектеледі.
    ‍
  • Табыс: CFD-лер баға қозғалысына негізделген сызықтық табыс береді, ал опциондар сызықтық емес төлем бере алады. Мысалы, digital options нәтижелерді алдын ала анықтайды, ал vanilla опциондарының нақты нәтижесі келісімшарттың мерзімі аяқталғанда ғана белгілі болады.
    ‍
  • Ашық болу ұзақтығы: CFD-лер жеткілікті маржа ұстап тұрғанша ашық қала алады, бұл сауда барысында стратегияңызды өзгертуге икемділік береді. Ал опциондар сіз басында белгілеген тіркелген уақыт аралығында жұмыс істейді.
    ‍
  • Маржа және шығындар: Опциондар үшін тек алдын ала сауда сомасын төлеу жеткілікті, маржаға қойылатын ағымдағы талаптар жоқ. CFD-лер маржа мен түнгі қаржыландыру шығындарын туындатуы мүмкін, бұл сіздің жалпы сауда шығыстарыңызға әсер етеді.
    ‍

Қорытынды

Қорытындылай келе, Deriv-те қолжетімді түрлі туынды құралдар мен сауда түрлерін түсіну сауда әрекеттеріңізде айтарлықтай артықшылық бере алады. Accumulators, Vanillas, Turbos, Multipliers және Digital options — бәрі де түрлі сауда стратегияларына сай келетін бірегей артықшылықтар ұсынады.

Сауда тәсіліңізді жетілдіру барысында тәуекелге төзімділігіңізге және нарыққа деген көзқарасыңызға сәйкес келетін сауда түрлерін таңдау өте маңызды. Келесі сабақта Deriv опциондарымен сауда жасауға қолжетімді әртүрлі базалық активтерді қарастырамыз. Сабаққа қатысқаныңыз үшін рахмет, сәтті сауда!

Quiz

Accumulators не үшін арналған?

Turbo options-тың негізгі ерекшелігі қандай?

Цифрлық опциондар шығындарды қалай реттейді?

Analyse markets with AI-powered insights

Explore TradersView
WhatsApp